Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Соңғы жаңалықтар қазақша

ТОРҒАЙ ДАЛАСЫ ЕНДІ КӨРШІ ЕЛДІҢ ПОЛИГОН АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: сегодня в 13:03

ТОРҒАЙ ДАЛАСЫ ЕНДІ КӨРШІ ЕЛДІҢ ПОЛИГОН АЛАҢЫНА АЙНАЛАДЫҰшы-қиыры көрінбейтін мыңдаған гектар қазақ жерінің Ресейге берілгенін өткенде айтқанбыз. Яғни, Торғай даласы енді көрші елдің полигон алаңына айналады. Онсыз да Байқоңырдың зардабын тартып отырған халық, министрлер айтқандай қалай ғана қолдай шықты десек, шын мәнінде қарсы екен.Аудан орталығында жиын өткізген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі «Халық келісті» деп отыр. Құлайтын бөлшектерден қауіп жоқ екенін тәптіштеп түсіндірдім дейді, деп хабарлайды «31 арна».«Зияны жоқ.

Ақмола облысында барымташылар жүздеген жылқыны айдап әкеткен

Источник: Zakon.kz Дата: сегодня в 12:09

Қарағанды облысында бес адам бір табын жылқыны ұрлап, Ақмола облысындағы бірнеше ауылға жасырған, деп хабарлайды sputniknews.kz, Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.Тоғызыншы қазанда Қарағанды облысы Ахметауыл ауылының шопаны полицияға арыз беріп, белгісіз біреулердің 93 жылқыны ұрлап кеткенін айтқан.

Тиімді меншік иесі дегеніміз кім? Үй-жай немесе пәтер иесінен айырмашылығы неде?

Источник: Zakon.kz Дата: сегодня в 11:49

Көппәтерлі тұрғын үй – айтарлықтай күрделі инженерлік объект, жылжымайтын мүлік кешені, көптеген адамдардың тұрғылықты орны. Егер сіз үйіңізге немқұрайлы қарап және оны тиісті деңгейде күтіп-ұстамасаңыз, онда ортақ мүлік қысқа мерзімде қажетті инженерлік және техникалық қасиеттерін жоғалтуы мүмкін, демек, жеке мүлкіңізді де пайдалану қауіпсіз әрі жайлы болмауы мүмкін.Сондықтан тұрғындар жалпыға ортақ меншікті тиісті деңгейде сақтауы және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті, сондықтан олар «Тиімді меншік иесіне» айналуы тиіс!Көп жағдайда, кейбір пәтер иелері жалпы мәселелерді шешуге белсенді қатысса, ал басқалары «Бұл менің шаруам емес» қағидасы бойынша өмір сүреді.

Атама тіл тигізбе, Атамбаев, атаусыз қаласың!

Источник: Zakon.kz Дата: сегодня в 11:39

Атамбаевтың бұның алдындағы Қазақстан Президентіне тиіскен сөзін екі ел басшыларының әдеттегі сөз қағысуы деп қабылдадық. Енді мынау, әскерлерін жинап алып, шекараға қазақ әскері келіп тұрғандай екі елдің арасына от тастап сөйлегені саяси сауатты адамның сөзі емес, көше айқайшысының көсемсігенінен артпады.

Шымкент әкімінің сөзін екі етпеген шенеуніктер үйлеріне автобуспен қайтты

Источник: Zakon.kz Дата: сегодня в 11:19

NUR.KZ Ғабидолла Әбдірахымов күні бүгін қол астындағы қызметкерлеріне қоғамдық көлік проблемасындағы проблемаларды анықтап, олармен күресу мақсатында автобусқа отыру қажеттігін тапсырған болатын. Әкімдіктің басшылық құрамы енді бір ай бойы қоғамдық автобуспен жүруге міндеттелген еді. Қашан да тапсырманы орындауға асық тұратын шенеуніктер жұмыстан шыға сала аялдамаларда кезекке тұрды.

Ел үшін ерен еңбек ету

Источник: Zakon.kz Дата: сегодня в 11:09

Ел үшін ерен еңбек ету Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы атанып, егемендік алған күннен бастап дамудың даңғыл жолына түсіп, құқықтық мемлекет құрудамыз. Бүгінгі күнге келіп, дамыған алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына енуге шақ қалып тұрмыз. Жас, кеше ғана егемендік алған ел үшін өте үлкен жетістік.

Еңбек дауларын сотқа дейін қарау тәртібі

Источник: Zakon.kz Дата: сегодня в 10:59

Еңбек дауларын сотқа дейін қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасын қолдану, еңбек шартының, жұмыс беруші актілерінің ережелерін орындау мәселелері бойынша жұмыс беруші мен жұмыскер арасында келіспеушіліктер туындаған кезде дауға қатысы бар тараптың біреуі бұзылған құқықты қорғау үшін тікелей сотқа жүгінуге құқылы болса жаңа.

Ақтөбеде доп ойнап жүріп токқа түсіп қалған бала жан сақтау бөлімінде жатыр

Источник: Zakon.kz Дата: сегодня в 10:59

Ақтөбеде ток трансформаторына күйіп қалған 14 жастағы бала жан сақтау бөліміне түсті. Рома Андреев облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген, деп хабарлайды Aktobenews.kz.«Қазір науқастың жағдайы жақсы, есін жиды. Бірақ, əлі де жан сақтау бөлімінде жататын болады. Бала қорқып қалған», — дейді облыстық балалар ауруханасының бас дəрігері Нұрлан Қожин.

«НҰРЛЫ ТІЛ» ДЕГЕН БАҒДАРЛАМА ҚАБЫЛДАСАҚ ҚАЙТЕДІ?

Источник: Матрица.kz Дата: сегодня в 10:53

«НҰРЛЫ ТІЛ» ДЕГЕН БАҒДАРЛАМА ҚАБЫЛДАСАҚ ҚАЙТЕДІ?Павлодар өңірі еліміздегі тіл мен діл майданындағы «ыстық нүкте». Біз бүгін сол қос тілді мекеннің көзі қарақты азаматтарын әңгімеге тартуға тырыстық. Сұхбатымыздың қонағы әйгілі Мәшһүр Жүсіптен қалған тұяқ — Ертай Қуандықұлы Мәшһүр Жүсіп.Дереккөз: abai.kzАға, жақында қалада өткен бір жиында «оқшау ой» айттыңыз.

ҰЯТ БОЛУ КЕРЕК, ҚОЙ, или О красотах Швейцарии и отношении к простолюдинам

Источник: Матрица.kz Дата: сегодня в 10:23

ҰЯТ БОЛУ КЕРЕК, ҚОЙ, или О красотах Швейцарии и отношении к простолюдинамУ меня в журналистской деятельности часто было, что когда собираешься о чем-то писать или готовишь материал, то поступают дополнительные «знаки» по этому поводу. Например, вот сейчас готовил материал по «Турксибу», касательно его отражения в советском искусстве, а тут, оказывается, одноименный фильм 1929 года выпуска отцифровали и презентовать собрались… Или написал и только разместил пост-опрос, а тут мне ВатсАпп друг присылает: «Самый короткий анекдот: «Храпунов – оппозиционер».

Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты

Источник: Zakon.kz Дата: сегодня в 10:19

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылында 14 қазан күні қасқыр 8-сынып оқушысына шабуылдаған. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.Әкім орынбасарының айтуынша 14 қазан күні таңертең бала қойлар тұрған қораға барған.«Ол қораға кіріп қасқырды көреді. Бірақ, бұл біреудің иті шығар деп ойлаған.

ҚЫТАЙДА ҚАНША ҚАЗАҚ БАР

Источник: Матрица.kz Дата: вчера в 17:43

ҚЫТАЙДА ҚАНША ҚАЗАҚ БАРҚытайдағы қазақтар Шыңжаң провинциясына қарасты Іле Қазақ автономиялы облысына (Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарын қамтиды), Санжы дүнген автономиялы облысына, Құмыл аймағына, Бұратала моңғол автономиялы облысына, Үрімжі қаласына, жалпы алғанда, солтүстік және шығыс Шыңжаңға жиі қоныстанған. Бұдан бөлек Гансу өлкесінің Ақсай қазақ автономиялы ауданында, Чиңхай өлкесінің Хайши аймағында және Бейжің қаласында да қандастарымыз көптеп тұрады.Қытайдағы қазақтардың саны 1949 жылы 443 мың 655 болса, 1979 жылы 847 мың 997-ге жеткен.

Қарағанды облысында әйел өзін туған әкесінің зорлағанын айтып шағымданды

Источник: Zakon.kz Дата: вчера в 16:29

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында тұратын 30 жастағы әйел өзін туған әкесінің ұрып және зорлағанын айтып шағымданды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады stan.kz.Қалалық аурухана мамандарының көмегіне жүгінген 1987 жылы туған азаматша өз әкесінен таяқ жеп, оның мұны зорлауға әрекеттенгенін айтты. Әйел бас-ми жарақатын алған.Отбасы бәрі бірге тұрады екен. Ішімдік ішкен ер адам өзінің туған қызына жыныстық қысым көрсеткен.«Аталған факті бойынша сот алды тексеру жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады ІІД.

Бас мүфти әл-ауқаты төмен отбасыға үйдің кілтін табыстады

Источник: Zakon.kz Дата: вчера в 15:29

Соның ішінде Бас мүфтидің тапсырмасымен атқарылып жатқан жұмыстардың бірі – қайырымдылық. Бұл игі шараға еліміздің әр өңіріндегі мешіттер атсалысуда. Бұл туралы Zakon.kz, ҚМДБ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.Жақында Діни басқарманың жанындағы «Зекет» қоры мен имамдар Алматы облысы, Жалғамыс елді-мекенінде өмірдің тауқыметін тартқан көпбалалы отбасыға жұмыла көтеріп, үй салып берген болатын.

ШҚО мемлекеттік қызметшілдерін сананы жаңғыртуға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға үйретті

Источник: Матрица.kz Дата: вчера в 15:13

ШҚО мемлекеттік қызметшілдерін сананы жаңғыртуға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға үйреттіӨскемен қаласында өткен семинарда Шығыс Қазақстан көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер мен жобалық кеңсе мамандары жұмысты дұрыс ұйымдастыруға үйренді.Жобалық менеджмент мемлекеттік қызметкерлер бұрын-соңды жұмыс істеп көрмеген әдіс деуге келеді. Бұл жерде жұмыс жоғарыдан төменге қарай емес, командалық топтарда ұйымдастырылады.

Павлодарда 10 миллион теңгенің есірткісін саудаламақ болған күдікті ұсталды

Источник: Zakon.kz Дата: вчера в 14:39

Павлодар облысында «Көкнәр» және «Канал» есіткіге қарсы операция жүргізу барысында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Торговая көшесіндегі жанармай құю бекетінің жанында жүк көлігін тізгіндеген 58 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

17 октября в Үкімет үйі состоится заседание Правительства РК

Источник: Официальный веб-сайт Премьер-Министра РК Дата: вчера в 11:07

На повестке:итоги социально-экономического развития РК и исполнения республиканского бюджета за 9 месяцев 2017 года;ход реализации госпрограммы развития образования и науки на 2016–2019 годы;ход проведения приватизации.По итогам заседания на площадке пресс-центра Правительства РК состоится пресс-конференция с участием первого вице-министра национальной экономики Р.

АО «Страховая компания «Коммеск-Өмiр» сообщило о решении Совета директоров о заключении крупных сделок по добровольному страхованию имущества и ответственности

Источник: KASE Дата: вчера в 10:10

/KASE, 16.10.17/ – АО «Страховая компания «Коммеск-Өмiр» (Алматы), акции которого находятся в официальном списке Казахстанской фондовой биржи (KASE), сообщило KASE о решении Совета директоров от 13 октября 2017 года – http://www.kase.kz/files/emitters/KMSO/kmso_info_reshenie_sd_131017_2915.pdf [2017-10-16]

Құмның арасынан белгісіз аңның тісі табылды

Источник: Zakon.kz Дата: вчера в 09:59

Желіде белгісіз аңның үлкен тісі түсірілген видео тарады. Тісті балалар құмның арасынан тауып алғанға ұқсайды. Кадр сыртындағы адам тістің үлкендігіне таңғалады, деп жазады sputniknews.kz. «Не деген үлкен тіс. Иттің тісі емес, одан үш есе үлкен. Қасқырдың тісінен де үлкен. Мүмкін жолбарыс шығар. Өте үлкен тіс. Қандай аңның тісі екені белгісіз, ұшы мұжылған», — дейді ол.

Экспо-дан тартылған жол өңірді өзгеріске бастайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 05:52

Экспо-дан тартылған жол өңірді өзгеріске бастайдыV халықаралық инвестициялық форум қорытындысы бойынша 200 миллиард теңгенің он бір меморандумына қол қойылды.Ақтөбе облысы экономикасының жетекші салалары бұрынғыдай өнеркәсіптік және мұнай-газ секторы болып табылады. Алайда алдағы уақытта мұның өзіне өзгерістер енуі мүмкін. Өйткені соңғы жылдардағы экономикалық түрленулер өндірісті әртараптандырып, жаңа басымдықтарды белгілеуді алға тартуда.Мемлекет басшысы қойып отырған талап та осы.

Міндет — құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 05:32

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына жұмылдырылған құрылыс компаниялары басшыларымен кездесіп, «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабының құрылысын салу мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді.Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ақтөбе» ауданындағы шағын қабатты тұрғын үйлер салынып жатқан құрылыс алаңында болды. Құрылыс басында Бердібек Машбекұлына компания өкілдері істің ешбір кедергісіз жүргізіліп жатқанын айтты.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: еліміздің басқа өңірлерінде Ақтөбедегідей салынып жатқан ірі құрылыстар жоқ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 05:22

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: еліміздің басқа өңірлерінде Ақтөбедегідей салынып жатқан ірі құрылыстар жоқАйдос КӨБЕТОВ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы фронт кеңсесінің вице-президенті: «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: тәжірибе және даму болашағы». Форум аясында өткен панельдік сессия тақырыбы осылай аталды. Шараға кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.

Бақытжан мен оның алауы автокөлік пен әкімнің кубогын иемденді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 05:12

Бақытжан мен оның алауы автокөлік пен әкімнің кубогын иемдендіӨткен сенбі күні Ақтөбе қаласы әкімі кубогына арналған ат жарыс өтті. Сәйгүліктер сайысында еліміздің өңірлерінен бөлек, көршілес Ресей Федерациясының өкілдері де бақ сынасты. Жарыстың өзі тоқ бәйге және аламан бәйге бойынша ұйымдастырылды. Облыстық ат спорты федерациясының вице-президенті Азат Жүкеннің айтуынша, 50-ге жуық қатысушының арасынан Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды сияқты облыстардың шашасына шаң жұқтырмайтын жүйрік ат, епті шабандоздарын ерекше атап өтуге болады.

Мәртөкте аудандық сот жаңа ғимаратқа көшті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 05:12

Мәртөкте аудандық сот жаңа ғимаратқа көштіМәртөк аудандық соты жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» атты Жолдауында сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы атап өтіп, қатысушыларды жаңа сот ғимаратының ашылуымен құттықтап және барлығына сот төрелігін жүргізуде табысты жұмыс тіледі.Облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай: «Аудандық соттың жаңа ғимаратының ашылуы сот қызметкерлерінің кәсіби түрде тиімді жұмыс істеуі үшін жақсы жағдай туғызады, ал ең бастысы, құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетін аудан тұрғындары үшін қолайлы», — деп атап көрсетті.Жалпы көлемі 900 шаршы метр ғимараттың құрылысы қазіргі заманғы өлшемдерге сәйкес келеді.Сот жүйесінің ардагерлері сот ғимаратының ашылу рәсімінің лентасын қиды.Ғимаратта күту залы, мәжіліс залы, бейнебайланыс пен кешенді жарақтандырылған 2 мәжіліс залы, медиация және психологиялық жеңілдету, прокурорлар мен адвокаттар кабинеттері, мұрағат және т.б. орналасқан.

Әңгіме өзегі — ауыл шаруашылығы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 05:02

Әңгіме өзегі — ауыл шаруашылығыПартияШ.Берсиев атындағы Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаевпен кездесу өтті. Фермерлік мәселелерден бастап, отбасылық құндылықтарға байланысты кең ауқымды сұрақтар қойылған жиынға аталған колледждің оқытушылары мен оқушылары қатысты.Алдымен партияның кезектен тыс конференциясы форматында партия мүшелері «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының жаңа төраға етіп ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Мирхан Дуанбековті сайлады.Әли Әбдікәрімұлы өз сөзінде ауылдың рөлі және оның толықтай пайдаланылмаған зор әлеуеті туралы айтты.— Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешені Қазақстан экономикасының дамуына негіз болатынын атап өтті.

Ғарышкер Лончаковтың жүлдесі үшін жарыс өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 05:02

Ғарышкер Лончаковтың жүлдесі үшін  жарыс өтті14-15 қазанда Ақтөбеде таэквондодан жасөспірімдер арасында облысымыздың құрметті азаматы, ұшқыш-космонавт Ю.В.Лончаковтың жүлдесіне арналған республикалық ашық турнир өтті.Турнир облыс әкімдігі, сондай-ақ республикалық және облыстық WTF таэквондо федерацияларының ұйымдастыруымен өтіп отыр. Ашық турнир болғандықтан, жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен, өз облысымыздан бірнеше команда қатысумен қатар, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдерінен де жас спортшылар келді.Көрермендер жарысты Ақтөбедегі Жекпе-жек сарайында тамашалады.

1204 тұрғын қамтылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 04:52

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру тобы Хромтау ауданына барып, түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізді.Топ құрамында облыстық дін істері басқармасы және облыстық білім басқармасының қызметкерлері, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдері, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері, теолог мамандар және үкіметтік емес ұйым өкілдері бар.Аталған топ мүшелерінің қатысуымен Хромтау қаласы және Көктөбе, Көктау, Дөң, Аққұдық, Қопа елді мекендерінде жергілікті тұрғындармен, ауыл жастарымен және дәстүрлі емес көзқарастағы азаматтар, мешіт жамағаттары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Шаралар барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Жастарды жат ағымнан сақтайық!», «Теріс діни ағымның 13 белгісі», т.б. тақырыптарда буклеттер мен кітапшалар таратылып, қысқа метражды бейнероликтер көрсетілді.

Адаспау үшін…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 04:52

Адам өмірдегі өз жолын іздемей, болашақтың қамын ойламай жүре алмайды. Өкінішке қарай, осы жолда түрлі зұлым пиғылдылардың, әсіресе, дін атын жамылған топтардың торына түсіп қалып, опық жеген жандар бар. Солардың тағдырын қайталамау үшін, нені білген, қалай сақтанған жөн?Жұма күні С. Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада, теология ғылымдарының докторы, сарапшы Расим Челидзе мен діндерді зерттеу орталықтары Ассоциациясының директоры Юлия Денисенконың қатысуымен өткен семинар-тренингте осы мәселе төңірегінде әңгіме қозғалды.«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында, облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Жастардың таңдауы — Ақтөбе» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жиынға колледждерде оқитын жастар, ұстаздар, БАҚ өкілдері қатысты.Теолог ғалым Расим Челидзе тарихтағы дін атын жамылған қырғындар төңірегінде сөз қозғай келіп, қандай да бір діни кітапты немесе пайғамбарлардың өмір жолын бұлжымас заң, қағида ретінде қабылдауға болмайтынын айтты.— Пайғамбарлар біз үшін — үлгі-өнеге, адамшылыққа жету жолында біз әрдайым олардың іс-әрекеттерінен үлгі алуға, үйренуге тиіспіз, алайда бәрін нақ солай қайталау керек деген қағида жоқ.

Үгіт-насихат тобы— Мұғалжарда

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 04:52

Үгіт-насихат тобы— Мұғалжарда«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын Мұғалжар ауданында жүзеге асыратын топ мүшелерінің жұмысы үш күнге жоспарланған. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов бастаған мобильді топ «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірінші бағыты бойынша жұмысты бастап кетті.Жоба бағдарламасына сәйкес, облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан аудандық «Нұртай» мешітінде жергілікті имам, молдалармен кездесті.

Ән қалықтаған кеш

Источник: Ақтөбе газеті Дата: вчера в 04:42

Ән қалықтаған кешАтаулы күнАқтөбе қалалық «Геолог» мәдениет үйінде мүгедектер күніне орай «Өмір сүйген жандар» атты мерекелік кеш өтті.Шарада Қарғалы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Гүлсім Омарова мен «Геолог» мәдениет үйінің директоры Сағынтай Қалиев құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарға жылы лебіздерін білдірді.Мерекелік кешке Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының мүшесі Эрик Ибрагимов арнайы келіп қатысты.Шарада мүгедек жандарға арнап үлгілі «Арай» би ансамблі би билеп, талантты жастар Ұлан Досмұратов «Мереке», «Қазақстан — өз елім», Алтынбек Жаңбырбаев «Асыл ардағым», «Көркем-ай» әндерін орындады.Сондай-ақ Эрик Ибрагимов ортада «Жан досым», «Помолимся за родителей» әндерін шырқап, «Асыл әжелер» халықтық ән ансамблі Шәмші әндерінен попурри айтты.Мерекелік шарада Г.Басығараева, Ж.Қасымов, Д.Губайдуллаев, Е.Маханбеттер ортада өнер көрсетіп, «Қобызшылар» ансамблі көрермендерге попурри ұсынды.Д.ТАУАНОВА.
Показано 30 новостей из 62 133